Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда соңғы екі айда коронавирустың таралу жағдайы 3,4 есе төмендеді

2021 жылдың 12 қараша 2021 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда соңғы 2 айда коронавирус жағдайлары 3,4 есе төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 12 қазанда CОVID-19-ға оң нәтижемен 954 146 науқас және КВИ-ға теріс нәтижемен 80 905 жағдай тіркелді. КВИ-мен ауыратын науқастардың шамамен 95 пайызы сауығып шықты. Оның ішінде 910 мың КВИ+ науқас және 80 мың КВИ- науқас бар. Эпидемиологиялық жағдай матрицасына сәйкес Қазақстан Республикасы жасыл аймаққа ауысты. Сондай-ақ жасыл аймақта 9 өңір бар», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, орташа тәуекел аймағында (сары аймақ) 6 өңір, жоғары тәуекел аймағында (қызыл аймақ) елдің 2 өңірі қалып отыр.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Тәулігіне 1 500 жағдай тіркеледі. Соңғы екі айда ауру 3,4 есе төмендеді. Бұл инфекцияның таралуына да әсер етті. 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,11-ден 0,92-ға дейін 1,2 есе төмендеді. Инфекциялық төсектердің қамтылуы 30 пайызға дейін, реанимациялық төсектердің қамтылуы 26 пайызға дейін қысқарды», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай