Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда шығарылған аккумуляторлар Францияға экспортталмақ

2021 жылдың 22 маусым 2021 16:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде 300-ге тарта кәсіпорын өздерінің өтінімін алыс елдерге сата бастады. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2019 жылдан бері өндіруші зауыттан импорттаушыға дейін тауарды жеткізу бойынша өңделген өнім экспорттаушыларының шығындарын өтеу тетігі енгізілді. Қолдаудың арқасында 300-ге тарта кәсіпорын өздерінің өтімін алыс елдерге жеткізе бастады», - деді Б. Сұлтанов онлайн режимде халық алдында есеп беруі кезінде.

Ол сөзіне нақты мысалдар келтірді.

«Шығынды өтеу зығыр мен рапсты Бельгияға жеткізуге, ал металлургия өнімін Жапонияға жеткізуге көмектесті. Біздің аккумуляторлар енді Италияда сатыла бастады, сондай-ақ биылдан бастап Франция нарығына өткіземіз», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бақыт Сұлтанов экспортқа қатысты жағдайды айтты.

«Карантин шектеулері мен өнім жеткізудегі кемшіліктер азық-түлік емес тауарларға сұраныстың 20 пайызға жуық төмендеуіне алып келді. Сонымен қатар, локдаундар ауыл шаруашылығы тауарларының саудасына айтарлықтай әсер етпеді», - деді министр.


Жоғары қарай