Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанда шетелге шықпағандар арасында коронавирус жұқтырғандар саны өсуде

2020 жылдың 28 наурыз 2020 16:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Хабар 24 арнасында өткен онлайн брифингте айтты.

«Қазір шетелге шықпай-ақ ауру жұқтырғандар саны өсуде. Бұл дегеніміз – ауру қонақта, туыстардың үйінде, лифтте, автобуста, яғни кез келген жерде жұғуы мүмкін дегенді білдіреді. Көп адам бұл ескертуге салғырт қарайтынын көріп отырмыз. Мысалы, кеше – бір күн ішінде ғана төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін 237 адам жауапқа тартылса, оның 74-і қамауға алынды. Бұл бейқамдық ауруханада науқастарға орын жетпеуіне әкелуі мүмкін. Бұған жол беруге болмайды», - деді министр.


Жоғары қарай