Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда шегірткенің таралу ареалы 3,3 есеге азайды

2020 жылдың 20 қазан 2020 10:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда шегірткенің таралу ареалы 3,3 есеге азайды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының аса қауіпті зиянды организмдеріне және карантиндік объектілерге қарсы 3,8 млн гектар алаңға, оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестеріне қарсы 514 мың гектар алаңға, сондай-ақ карантиндік объектілерге қарсы 19,5 мың гектар алаңға қорғаныш іс-шаралары жүргізілді. Дер кезінде қабылданған шаралар шегірткелердің таралу ареалын 3,3 есеге азайтуға мүмкіндік берді», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, әкелінетін өнімдерге карантиндік фитосанитариялық бақылау Мемлекеттік шекараның бүкіл периметрі бойынша жүзеге асырылуда.

«2020 жылдың 9 айы ішінде Қазақстан Республикасына карантинге жатқызылған өнімнің импорты кезінде өсімдіктер карантині саласында 3 082 ереже бұзушылық анықталды. Осы орайда 137 млн теңге сомаға әкімшілік айыппұл салынды, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 4,7 есе көп. Міндетті карантиндік фитосанитариялық талаптарға жауап бермейтін 12,4 мың тонна карантинге жатқызылған өнімді әкелу жолы кесілді, бұл өткен жылдың cәйкес кезеңіне қарағанда 41,8 пайызға артық», - деп нақтылады С. Омаров.


Жоғары қарай