Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Шахматтан рапид және блицтен әлем чемпионаты өтеді

2021 жылдың 25 қараша 2021 16:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 25-31 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында Шахматтан рапид және блицтен FIDE Әлем чемпионаты (FIDE World Rapid and Blitz Championships 2021) өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Шахмат федерациясының мәліметінше, аталған жарыс шахмат күнтізбесіндегі асыға күтілетін оқиғалардың бірі саналады. Оған әлемнің 52 елінен 200-ден астам шахматшының қатысатындығы жоспарланған. Олардың арасында әлем чемпиондары мен вице-чемпиондары, FIDE (Халықаралық шахмат федерациясы) нұсқасы бойынша рейтингі ең жоғары шахматшылар бар.

Чемпионатқа Ұлттық федерация атынан ерлер мен әйелдер секцияларындағы қазіргі ел чемпиондары, Әлем чемпионаты регламентінің талаптарына сәйкес келетін шахматшылар қатыса алады. Сондай-ақ, Қазақстан Шахмат федерациясының қосымша 30 қазақстандық ойыншыны шақыру құқығын иеленген», - деп атап өтеді федерацияның баспасөз қызметінен.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай