Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда ревакциналау үшін қандай вакциналар қолжетімді

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 19:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ревакциналау үшін қандай вакциналар қолжетімді екенін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта ревакциналау үшін отандық QazVac, Синофарм және «Спутник лайт» вакцинасының 150 мың дозасы қолжетімді. Бүгінгі таңда бұл вакциналар бірқатар аймақтарға жеткізілді және «Спутник лайт» ревакцинациясы да басталды», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Вакциналар санына келсек, бүгінде «Спутник лайтпен» 16 мың адам қайта вакциналанды. Яғни, қалған 135 мың вакцина бар.

«Синофарм бойынша ревакциналауға шамамен 800 мың және QazVac бойынша 150 мың доза қалды. QazVac вакцинасын отандық зауыт ай сайын 500 мың дозадан шығарады. Оны да келесі аптада аймақтарға жеткізу жоспарланған», - деп түсіндірді А. Есмағамбетова.

Бұған дейін Айжан Есмағамбетова Pfizer вакцинасы неліктен ақылы түрде салынбайтынын түсіндірген еді.

Сонымен бірге, спикер Pfizer вакцинасы медициналық қызметкерлерге, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге және 60-тан асқан тұрғындарға қолжетімді екенін еске салды.



Жоғары қарай