Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда ПТР тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізілмек

2020 жылдың 8 шілде 2020 21:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда алдағы уақытта халықтың ПТР тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізіледі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тестке қолжетімділікті арттыру үшін қазіргі зертханалар қосымша жарақтандырылуда. Қосымща 20 ПТР анализатор сатылып алынады. ПТР тест үшін 8 мобильді орталық құрылады. Бұл орталықтар ауылдарда да салынады», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша бұл жұмыстар Қазақстанда алдағы уақытта халықтың ПТР тестіден өту жиілігі тәулігіне 40 мыңға жеткізуге мүмкіндік береді.


Жоғары қарай