Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда пневмониямен қанша адам ауруханада жатыр

2020 жылдың 7 шілде 2020 12:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пневмонияға шалдыққан науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгінгі күні ел бойынша стационарларда ПТР-тест нәтижесі (коронавирусқа) теріс, пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Науқастардың 98,9 пайызының жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. Солардың ішінде 330 пациенттің жағдайы ауыр. Одан басқа стационарларда КВИ бойынша ПТР-тест нәтижесі теріс ЖРВИ немесе басқа тұмау аурулары бар деген диагнозбен 4 мыңнан астам адам емделуде», - деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда барлық емханалар, жедел жәрдем және ауруханалар медициналық көмекті ұйымдастыру шараларын қарқынды жүргізіп жатыр.



Жоғары қарай