Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда осы уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

2021 жылдың 19 қаңтар 2021 09:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 19 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 24894 адам коронавирустан ем алып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, емделіп жатқандардың 6 485-сі стационарда жатыр, 18 409 науқас амбулаториялық жағдайда ем алуда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 312 адамның жағдайы ауыр;
• 61 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 49 науқас жасанды таныс алу аппаратында жатыр.


Жоғары қарай