Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда өндірістік жарақат 2 пайызға төмендеді

2022 жылдың 26 мамыр 2022 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өндірістік жарақат 2 пайызға төмендеді. Бұл жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ахмади Сарбасов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкімет пен әлеуметтік серіктестер қабылдаған іс-шаралардың арқасында өндірістік жарақаттың төмендеу динамикасы бар. 2020 және 2021 жылдармен салыстырғанда өндірістік жарақаттың 2 пайызға төмендеуі байқалады. Егер соңғы 10 жылды алсақ, онда 10 пайызға төмендеп отыр», - деді бірінші вице-министр елордада өтіп жатқан KIOSH-2022 X Қазақстандық еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция барысында.

Дегемен, ол өндірістік жарақаттану проблемасының әлі де сақталып отырғанын жасырған жоқ.

«Бірақ, бұл проблема төмендеді дегенді білдірмейді. Өкінішке орай, өндірістік жарақаттану сақталып отырған экономика салалары әлі де бар. Олар – Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы тау-кен металлургия кешендері, құрылыс секторы», - деді Ақмади Сарбасов.

Бұған дейін аталған іс-шараға қатысқан ҚР Премьер-Миинстрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елімізде 3 мыңнан астам кәсіпорын еңбекті қорғаудың халықаралық стандартын енгізгенін айтқанын жазған едік.


Жоғары қарай