Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанда өндірілген затты сатып алғандар елдің дамуына үлес қосады

2020 жылдың 24 наурыз 2020 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өндірілген затты сатып алғандар елдің дамуына үлес қосады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарапайым заттар экономикасының мәні неде? Оның мәні – біз күнделікті қолданатын заттардың барлығы өз елімізде жасалуы керек. Тамақ, киім, жиһаз, тұрмыстық химия деген сияқты тауарларды біз өзіміз өндіре аламыз. Бірақ тек өндіріп қоя салу жеткіліксіз. Ол тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті, сапалы және қолжетімді болу керек», - деді Дәурен Абаев.

Оның атап өтуінше, өз тауарымызды тұтыну арқылы біз болашағымызды қалыптастырамыз.

«Қазақстанда өндірілген затты сатып алып жатқан әрбір азамат білу керек – ол елдің келешегіне өз үлесін қосуда. Баршаңызды осыған шақырамын»,- деді министр.


Жоғары қарай