Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда «Один на миллион» фильмі прокатқа шығады

2021 жылдың 12 қазан 2021 22:40

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тәжікстандық танымал бизнес тренер Саидмурод Давлатов туралы фильм жарыққа шықты. Кинода басты рөлді оның өзі ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Один на миллион» фильмнің желісі Саидмурод Давлатовтың өмірбаянына құрылған. Картинада қиындыққа тап болып, одан шығу жолын іздеген адамның оқиғасы суреттеледі.

Оның айтуынша, фильм 4 жарым жылға жуық уақыт түсірілді. Ең қиыны - актерлік құрамды таңдау болған. Өйткені фильмде Саидумрод Давлатовтың өмірінің үш кезеңі суреттеледі. Оны экранда өзінен басқа тағы екі адам ойнады. Кеңестік кезеңді, 1990 –шы, 2000 -шы жылдарды түсіру де оңай болмапты.

Халықаралық жобаның географиялық ауқымы кең. Картина Қазақстан, Тәжікстан мен Ресейде тіпті кейбір көріністер АҚШ, Малайзия мен Үндістанда түсірілді.

«Бұл фильм үнемі қарызға батып жүретіндер өте қызықты болады деп ойлаймын. Өйткені, осы драманың кейіпкері қомақты қаражат алып, берешек болып қалады. Қарызын қайтару үшін түрлі амалға барады. Соңында қиындықтан жол тауып шығады. Қазіргі кезде көремен үшін бұл өзекті мәселе екені даусыз. Бұл фильмде ойнау үшін мен продюсер, сценарист, режиссерлық қысқа курстардан өттім. Мен өз өмірімді қайта бастадым, бұл өте ерекше. Бұл фильм, ең алдымен, халықтар достығын нығайтуға бағытталған, себебі мен үшін бәрі қымбат болды: қазақстандықтар, орыстар, украиндар, қырғыздар және т.б. Фильмде олар маған бауырларымнан гөрі көбірек көмектескенін көруге болады. Біз өмірде бір нәрсеге қол жеткізгісі келетіндерге үміт беру үшін түсірдік «, - деді Саидмурод Давлатов.

Картина үлкен экранға Қазақстанда ғана емес Ресей, Өзбекстан мен Тәжістанда шығады. Қырғызстанда да көрсету жоспарда бар. Фильм кинотетраларда 14 қазаннан бастап көрсетіледі.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Мәдениет, Алматы,
Жоғары қарай