Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда неше доза вакцина бар

2022 жылдың 18 қаңтар 2022 19:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова елдегі вакциналардың қоры туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде БАҚ өкілдері Комитет басшысынан коронавирусқа қарсы екпенің қоры туралы сұрақ қойды.

«Бүгінде бізде QazVaс-тың 500 мың дозасы, Sinopharm-ның 1млн 300 мың дозасы, «Спутниктің» 500 мыңдай дозасы және Pfizer-дің 2500 дозасы қалды. Бұл вакциналардың бәрі вакцинацияға да, ревакцинацияға да қолданылады. «Спутник V» ғана тек вакцинацияға пайдаланылады. Өйткені екі компненті екі түрлі екені естеріңізде шығар», - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұған дейін ол елімізде тәулік сайын Pfizer вакцинасының 15-16мың доасыз егіліп жатқанын айтты.

«Біз Pfizer вакцинасын еге бастаған кезде тәулік сайын 500-300 адам ғана екпе қабылдағаны естеріңізде шығар. Яғни, кез келген вакцина сияқты, басында бәрі әліптің артын бақты. Кейін қауіпсіз екеніне көздері жеткен соң вакцинация қарқыны өсе бастады. Бүгінде тәулік сайын Pfizer вакцинасын 15-16 мың адам қабылдайды. Оның ішінде балалар да, жүкті әйелдер де, бала емізетіндер де бар. Бүгінде Pfizer вакцинасының 1 млн дозасын тәуекел тобындағы адамдарға бағыттағалы отырмыз», - деді ол.


Жоғары қарай