Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Қазақстанда миграциялық бейін жасалады

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 13:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда миграциялық бейін жасалады. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрліктің Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлескен тағы бір бастамасы - Қазақстан Республикасында кеңейтілген миграциялық профиль жасау. Бұл - елдік құжат. Онда көші-қон саласындағы жалпы ахуалды бағалау үшін жан-жақты статистикалық және сараптамалық ақпарат қамтылады», - деді министр «Қазақстандағы көші-қон: Проблемалар, тенденциялар, перспективалар» атты республикалық дөңгелек үстел отырысында.

Оның атап өтуінше, мұнан ары аталған миграциялық бейін фактілі мәліметтерге негізделген жекелеген стратегиялық бағыт әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Бұған қоса, көші-қон заңнамасын жетілдіру мақсатында «Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Парламент Мәжілісінде қаралып жатыр. Заң жобасы еңбек иммигранттарын тарту тетіктерін жетілдіру, әкімшілік жауапкершілікке тартылған мигранттардың мәселелерін шешу, сондай-ақ ұлттық заңнамаға реадмиция бойынша халықаралық нормаларды енгізу шараларын қарастырады», - деді Біржан Нұрымбетов.


Жоғары қарай