Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталады

2020 жылдың 29 қыркүйек 2020 17:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушыларының күзгі каникулы жоспарға сәйкес басталатынын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек бұған дейін Ресей астанасы Мәскеуде мектеп оқушылары күзгі каникулға мерзімінен бұрын шығатыны хабарланған еді. Ізін ала әртүрлі мессенджерде ақпарат шығып, Қазақстанда да оқушылар каникулға ерте шығатыны жайлы мәлімет тараған болатын.

Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда мектеп оқушылары үшін күзгі каникулға жоспарға сәйкес шығатынын хабарлайды. Нақтырақ айтқанда оқушылар күзгі каникулда - 5-14 қараша аралығында демалады.



Жоғары қарай