Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда медициналық маска жеткілікті – министр

2020 жылдың 31 қаңтар 2020 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда медициналық маскаға қатысты ахуал жайлы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маска қажеттілігі бар. Десе де, бізде қауіп жоқ. Алайда сұраныс бар, өкінішке қарай, көңілде алаң басым. Маска жаппай сатып алынғаннан кейін тапшылық тудырады. Жалпы, отандық өндірушілердің Қазақстанда шығарып отырған маскасы жеткілікті. Бізде жыл сайынғы тұтыну көлемінен екі есе көп мөлшерде маска бар. Сонымен қатар, қажет болған жағдайда біз басқа елдерден маска әкелу жөнінде келіссөз жүргізудеміз. Біз бүкіл халықты қажетті маскамен қамтамасыз етеміз», - деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ министр Қазақстанда қазіргі таңда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмегенін жеткізді. Елжан Біртанов қазақстандықтарды алдын алу шарасына баса мән беруге шақырды.

«Мен азаматтарымызға мынаны айтқым келеді: бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қатысты жағдай Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің жіті бақылауында. Біз барлық өзгерістер туралы да уақтылы хабарлап отыратын боламыз. Жалпы, алдын алу шаралары күшейтілген. Бүгінде біз жалпы респираторлық инфекциялар кезеңінде тұрмыз. Вирустық инфекциялардың алдын алу үшін, жалпы гигиена бойынша стандартты шаралар қабылдау керек», - деді министр.


Жоғары қарай