Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда маска артығымен шығарылып жатыр

2020 жылдың 23 қазан 2020 01:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізге коронавирус індетінің екінші толқыны келеді деп болжануына байланысты маска артығымен жасалып жатыр. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде маска шығару артығымен жүзеге асырылуда. Бұл маскаға деген сұраныс пен қолданысқа да байланысты. Масканы әр адам әртүрлі қолданады. Біреулер талапқа сай пайдаланса, кейбіреулер бір маскамен 2-3 күн жүреді. Бізде қазір масканың 2 түрі бар, бірі - медициналық, екіншісі - қорғаушы маска. Қорғаушы маска тіркеу куәлігі сынағынан өте алмады. Сондықтан да оның бағасы арзан. Яғни медициналық маска - 60 теңге болса, қорғаушы маска 40 теңге тұрады», - деді Е. Есқалиев.

Оның айтуынша, «СҚ Фармация» қоймасында маска қоры сақталмайды, яғни шығарушы ұйымдар медициналық мекемелерге тікелей жеткізеді.

Айта кетсек, бұған дейін аталған ұйым басшысы елімізде 2021 жылға арналған дәрі-дәрмек қоры сатып алынып жатқанын айтқан болатын.

Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Медицина, Өнеркәсіп,
Жоғары қарай