Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда қыс қандай болады

2019 жылдың 24 қазан 2019 19:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК басшысы Марина Шмидт қыста Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл қараша айында елімізде ауа температурасы климаттық нормадан 1 градус жоғары болмақ. Тек еліміздің батысы мен шығысында ауа температурасы нормаға сәйкес болады. Республикамыздың басым бөлігінде бір айға жуық көлеміндегі жауын-шашын мөлшері нормаға сәйкес болса, Оңтүстік Қазақстанның шет жағында нормадан асады. Ал оңтүстік-батысында нормадан төмен болады», - деді «Қазгидромет» басшысы.

Атап өтілгендей, қыстың алғашқы екі айы – желтоқсан мен қаңтарда ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады.

«Ауа температурасы климаттық нормадан 3-5 градусқа төмен күндер де болады. Желтоқсан айы жауын-шашынды болатыны күтілсе, ақпан айында еліміздің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2 градусқа төмен температура орнайды», - дейді ол.

Ақпан айында еліміздің оңтүстік-батыс бөлігінде жауын-шашын аз түседі, ал солтүстік-шығыста оның мөлшері - нормаға сай.

М.Шмидтің айтуынша, қараша айында синоптикалық құбылыстардың араласуы болмаса қар, жел, көктайғақ күтуге болады.

«Биыл қыс мезгілі салыстырмалы түрде – жылы. Ақпан айында ғана ауа температурасы нормадан 1-2 градус төмен болуы мүмкін», - дейді «ҚазГидромет» РМК басшысы.

Жоғары қарай