Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда қыс басталғалы жолда қалып қойған 500-дан астам адам құтқарылған

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 08:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда жол саласының өкілдері қыс басталғалы жолда қалып қойған 500-ден астам жолаушыны құтқарған.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, елде ақтүтек боран күндері жолаушылардың діттеген жерлеріне аман-есен жетулері үшін барлық жағдай жасалған. Көлік ағыны көп күре жолдардың бойы қардан тазартылып, жолаушылардың тоңып қалмауы үшін елімізде 133 жылыту бекеті жұмыс істеп тұр.

«Қыс басталғалы ұйтқыған боран мен саршұнақ аязда күн райына байланысты ескертулерге қарамастан, сапарға шығып, қар құрсауында қалып қойған 500-ден астам адамды жол патрульдеумен тәулік бойы айналысатын жол мамандары құтқарып, жылыту пункттеріне жеткізген»,-деп делінген хабарламада.


Жоғары қарай