Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 376.72
EUR 408.67
RUB 5.76
CNY 53.68

Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүргендер бар ма

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 11:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан мен Бразилия арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда Бразилиямен қылмыстық салада үш негізгі шарт жасалды. Бұл екі ел арасындағы өзара сенімдікті білдіреді. Қазір екі елдің арасындағы байланыс жоғары деңгейде. Сауда айналымы 2019 жылы 13 пайызға өсті. 2016 жылдан бері екі ел арасында визасыз тәртіп қатынастары жасалған», - деп тоқталды ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Жалпы отырыста талқылауға ұсынылған шарт іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадициялау мәселелерін шешеді.

«Егер адам Қазақстанда қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрсе, ол қамауға алынады және Қазақстанға ұстап беріледі. Дәл осылайша қылмыскер елімізде жасырынып жүрсе, біз Бразиялия тарапына адамды экстрадициялауға міндетті боламыз. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген», - деді ол.

М. Ахметжановтың сөзіне қарағанда, бүгінде Бразилияда Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген адам жоқ. Сонымен қатар, Бразилия органдары тарапы елімізде іздеу салған күдіктілер тіркелмеген.

«Шарттың негізгі бір мақсаты – алдын алу. Бұл құжат қылмыс жасап, Бразилияда жасырынып жүрген адамдарды қайтару үшін қажет құқықтық тетік болып отыр. Бүгінгі таңда шетелмен осындай 21 екі жақты шарт бар. Жақын арада біз осындай шарттарды Аргентинамен, Перу, Доминикан, Кипр, Малайзия және Грекиямен бекітпекпіз», - деді Марат Ахметжанов.


Жоғары қарай