Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 437.20
EUR 475.32
RUB 5.79
CNY 61.94

Қазақстанда күзетшілер, патрульдік инспекторлар мен медбикелер жетіспейді - зерттеу

2020 жылдың 14 ақпан 2020 11:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жұмыссыздық азайды: бір жыл ішінде жұмыссыздар саны 0,1% төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат finprom.kz сайтына сілтеме жасап.

2019 жылдың төртінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандар саны 8,8 млн адамды құрап, бір жылда 0,7% артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 8,7 млн адам болды.

Еңбекке орналастыру бойынша ең жоғары көрсеткіш – елордада. Мұнда жылдық өсім 9,2% құрап, 553,6 мың адамды құрады. Атырау облысында жұмыспен қамтылғандар саны 4,1%, Алматыда - 2,9% артты.

Екі қолға бір күрек тапқандардың басым бөлігі көтерме және бөлшек сауда секторында жұмыс істейді; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу саласында: 1,4 млн адам немесе жалпы көрсеткіштің 16,3%. Көш басындағы салалардың үштігіне ауыл, орман және балық шаруашылығы (1,2 млн адам немесе 13,4%), білім беру (1,1 млн адам немесе 12,7%) кірді. Сондай-ақ алғашқы бестікке өнеркәсіп (1,1 млн адам) және құрылыс (642,2 мың адам) салалары енген.

Елдегі жұмыссыз халық саны 441,4 мың адамды құрап, 2018 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 0,1% (441,9 мың адам) азайған. Соған қарамастан, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейінің мәні өзгеріссіз қалды - 4,8%.

Электрондық еңбек биржасының мәліметтері бойынша, елдегі ең тапшы мамандықтар арасында күзетші, қазандық операторы, патрульдік инспектор, медицина қызметкерлері (орта медицина қызметкері), тәрбиешілер бар. Мамандар саны көп мамандықтарға заңгер, жалдамалы мамандар, экономист, мал өсіруші, қаржыгер жатады.

Жұмыссыздардың басым бөлігі дәстүрлі түрде халық көп қоныстанған өңірлерде байқалады. Мәселен, жұмыссыз халықтың ең көп саны Алматыда (жылына 49,2 мың адам, +0,8%), сондай-ақ Алматы облысында (48,2 мың адам) және Түркістан (42,1 мың адам) облыстарында. Сондай-ақ бұл тізімде Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары (сәйкесінше 34,5 мың және 29,7 мың адам) бар. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі Түркістан облысы, Алматы мен Шымкентте байқалады - 5,1%.


Басты сөздер: Жұмыспен қамту, Қоғам,
Жоғары қарай