Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда Көші-қон жөніндегі комитет құрылады

2021 жылдың 27 қыркүйек 2021 17:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті құрылып жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тиімді еңбек нарығын құру үшін елдің миграциялық саясатын дамытудың маңыздылығы аз емес. Сондықтан Президент Жолдауында Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон жөніндегі комитеті құрылады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол елдің оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қарай қоныс аударатын тұрғындарға төлем жасаудың тетігі жетілдірілетінін атап өтті. Қоныс аударғандарға үй құрылысына арналған жер телімінен бөлек, ауыл шаруашылығын жүргізуге де жер ұсыну мүмкіндігі жасалады.


Жоғары қарай