Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустың қандай штамдары тіркелді

2021 жылдың 11 қазан 2021 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік вирустың елге кірген жағдайы мен мутациялық өзгеруіне мониторингті қамтамасыз ету үшін тұрақты түрде вирустарды генетикалық зерттеу жүргізіліп жатыр», - деді Алексей Цой Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Оның айтуыша, 2020-2021 жылдары 1407 сынама зерттелді. Осының нәтижесінде наурызда «британдық» Alpha штамм, «оңтүстікафрикалық» Beta штамм, маусымда «үнділік» Delta штамм, тамызда «нигериялық» Eta штамм анықталды.

«SARS-CoV-2 вирусының түрлі нұсқаларының таралуын анықтау мен мониторингілеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді министр.

Айта кетейік, Алексей Цой Қазақстанда КВИ жұқтыру қарқыны бойынша төрт толқыны өткенін мәлім етті.



Жоғары қарай