Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың дені 20-30 жастағылар

2020 жылдың 21 мамыр 2020 19:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавируске шалдыққандардың дені 20-30 жас аралығындағы азаматтар. Бұл туралы Сoronavirus2020 ақпарат көзінің статистикалық мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың көп жағдайы немесе 54,99 пайызы науқастармен жақын қарым-қатынаста болғандар арасында тіркелді. Шетелден алып келгендердің үлесі – 7,49 пайыз, жергілікті жерде жұқтырғандар – 36,36 пайыз болып отыр.

Науқастардың 83,27 пайызы сырқатты жеңіл көтерсе, 15,09 пайызы орташа күйде, ал 1,18 пайызы ауыр жағдайда өткеруде.

Індетке шалдыққандардың 38,88 пайызы – әйелдер, 61,12 пайызы – ерлер.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың көбі – 20-30 жас аралығында (29,65 пайызы). Сондай-ақ 4,77 пайызы – 0-10 жасар балалар, 10,29 пайызы – 10-20 жастағылар, 20,87 пайызы – 30-40 жас, 15,42 пайызы – 40-50 жас, 11,81 пайызы – 50-60 жас, 6,98 пайызы – 60 жастан асқандар.


Жоғары қарай