Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустан жазылған пациенттер оңалту шараларынан өтеді

2020 жылдың 30 шілде 2020 19:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан жазылған пациенттерді оңалту бойынша бағдарлама іске қосылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір бізде бірқатар бағдарлама әзірленіп жатыр. Тамыз айының басында тарифтерді бекітіп, аталған қызметті іске қоспақпыз. Ол бірнеше кезеңнен тұратын болады», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бағдарламаның алғашқы кезеңі емхана деңгейінде басталады.

«Екінші кезең стационар деңгейінде жүргізіледі. Ол жерде пациенттер оңалту бойынша көмек ала алады», - деді министр.

Министр бағдарлама міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылатынын жеткізді.

«Ол бойынша төлем Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан жүргізіледі. Ең маңыздысы, аурудың ауырлық дәрежесі бойынша нақты талаптары, яғни пациенттер оңалтудың қандай түрін алатыны айқындалды. Ауруды өткеру деңгейіне қарай нақты оңалту бағдарламасы белгіленеді», - деді Алексей Цой.


Жоғары қарай