Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирустан тағы 6 науқас қайтыс болды

2020 жылдың 10 маусым 2020 23:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 6 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтсақ, Нұр-Сұлтан қаласында - 47, 59, 68 және 70 жастағы төрт ер адам, Батыс Қазақстан облысында - 79 жастағы әйел, Қарағанды облысында - 67 жастағы ер адам көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан болған деп тіркеуге шешім қабылдады», - делінген ақпаратта.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус барлығы 13 319 адамнан анықталды, оның ішінде жазылғандар саны - 8 345, қайтыс болды - 67 науқас.


Жоғары қарай