Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан балалардың саны 125-ке жетті

2020 жылдың 17 қазан 2020 11:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 17 қазанға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 593 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 125 өскіншек бала бар.

Стационарларда 1 995 науқас бар. 598 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 80 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағаланған.

12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады.
Жоғары қарай