Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 2 мыңға жуық адамның жағдайы ауыр

2021 жылдың 21 тамыз 2021 09:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 21 тамыздағы мәлімет бойынша, 122 875 адам коронавирус инфекциясынан (–117 171 + және 5 704 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 30 128 пациент стационарда, 92 747 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 1 920 адамның жағдайы ауыр,

• 549 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 224 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Жоғары қарай