Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 20:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір әйел қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке қарай бүгін коронавирустен науқас бір әйел қайтыс болды. Бұл орны толмас ауыр қаза. Марқұмның жақындарына көңіл айтамыз», - деді Дәурен Абаев «Хабар 24» арнасында онлайн режимде өткен брифингте.

«Үйде болыңыздар! Аман болайық. Ертең Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы көз жұмған әйелге қатысты ақпаратты береді. Бұл жағдай – коронавирус инфекциясының қаупін тағы бір еске салып отыр. Қазір болып жатқан жағдай – бәріміз үшін сынақ. Оқшаулану бойынша биліктің барлық талабын орындау керек», - деді министр брифингте.



Жоғары қарай