Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавируспен күреске бөлінген қаржы қалай жұмсалады

2020 жылдың 7 шілде 2020 13:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы күреске бөлінген қаражат нақты қандай бағытта жұмсалады? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы күреске 114 млрд 826 млн теңге бөлінген. Оның 40 млрд 58 млн теңгесі – Үкіметтің резервінен аударылып отыр.

«Осы қаражаттың 21 млрд 184 млн теңгесі - жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға, 2 млрд 30 млн теңгесі - дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алуға, 2,5 млрд теңгесі - зертханалық құрылғыларды, коронавирусты анықтайтын жүйелерді сатып алуға, 100 млн теңгесі – коронавирусты анықтайтын реагенттерді әзірлеу мен шығаруға, 13,7 млрд теңгесі – ПТР-тест әдісімен зертханалық зерттеулер қызметіне, 310 млн теңгесі – жедел жәрдем көліктеріне отандық өндірістегі өкпені жасанды желдету аппараттарын сатып алуға, 131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалады», - деді Алексей Цой.

Министр сонымен қатар республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінгенін, оның 19,5 млрд теңгесі – медициналық, инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационарда медициналық қызмет көрсетуге, 40,4 млрд теңгесі карантин шараларын өткізуге жұмылдырылған азаматтандарды ынталандыруға, 14,8 млрд теңгесі Нұр-Сұлтан, Шымкент және Алматы қалаларындағы инфекциялық ауруханалар кешенін салуға жұмсалатынын жеткізді.



Жоғары қарай