Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны белгілі болды

2021 жылдың 3 наурыз 2021 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде қанша адам КВИ-ге қарсы вакцина алғанын нақтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде осы уақытқа дейін қанша адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынғаны сұралды.

«Қазіргі кезде 22 мың адам вакцина алды», - деді Ажар Ғиният.

Айта кетейік, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова өңірлерге вакцинаның екінші партиясын жеткізу жүріп жатқанына, жалпы медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасып жатқанын айтты.

«Педагогтарды вакциналау да басталды. Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша 458 педагокқа екпе жасалды», - деді Айжан Есмағамбетова.

Бұдан бөлек қазіргі кезде ол күш құрылымдарының 275 қызметкеріне вакцина жасалғанын нақтылады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 6 млн адамға КВИ-ге қарсы вакцина салынады.


Жоғары қарай