Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина клиникалық сынаққа дайын

2021 жылдың 20 мамыр 2021 17:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір вакцина клиникалық сынаққа дайын болды.

Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары Ерғали Әбдірайымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі онлайн дәріс барысында ол QazVac вакцинасынан басқа тағы 5 вакцинаның әзірленіп жатқанын айтты.

«Коронавирусқа қарсы ол вакцинадан (QazVac) бөлек түрлі платформаларда тағы 5 вакцина әзірлеп жатырмыз. Олардың ішінде екінші субъбірегей вакцина да бар. Ол дайын болды және жануарларға клиникаға дейін зерттеуден өтті. Таяу уақытта Денсаулық сақтау министрлігінен клиникалық зерттеудің бірінші сатысынан рұқсат аламыз деп күтіп отырмыз», - деді Ерғали Әбдірайымов.

Сонымен қатар директордың орынбасары QazVac вакцинасына қатысты пікірін де білдірді.

«Қазақстандық вакцина – бұл отандық әзірлеме. Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты 60 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрғанын білесіздер. Осы уақыттың ішінде түрлі 70-ке жуық препарат әзірленді. Олардың 60 пайыздан астамы қолданысқа іс жүзінде енгізіліп отыр. Елімізде алғаш коронавирус жағдайы тіркелгенде Президент отандық вакцина әзірлеуге тапсырма берген болатын. Біз сол тапсырманы орындауға кірістік. Қазір вакцинаны жедел шығарып жатырмыз. Алғашқы топтамасы жіберілді, екіншісі де дайын болып қалды. «СҚ Фармациямен» арадағы келісімшартқа сәйкес, жылдың соңына дейін вакциналарды бізге белгілеп берген хабтарға жеткізіп отырамыз», - деді ол.


Жоғары қарай