Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8 адамға жетті

2020 жылдың 15 наурыз 2020 13:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырудың тағы екі жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда Қазақстанда 8 науқас бар. Бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Бүгінгі таңда қосымша тағы екі адам тіркелді. Бірінші науқас - 1959 жылы туған әйел адам. Біздің инфекциялық стационарда оқшаулауда жатқан пациент. Бұрын күйеуінде диагноз анықталып, жақын байланыстағы адам ретінде оқшаулауда жатқан. Қосымша диагностиканың нәтижесінде коронавирус инфекциясы анықталды. Оның отбасындағы жақындарының бәрі оқшаулауда», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Министр екінші адам ер кісі екенін, кеше «Сеул-Алматы» ұшағымен келгенін атап өтті.

«Ұшақтан келген 130 жолаушының ішінде трансфермен кеткені бар. Бәрі де 100 пайыз инфекциялық ауруханаға және стационарға жатқызылды. Сонымен қалаға ешкім кірген жоқ. Ішінде бір пациентті анықтадық», - деді ол.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрі 14 наурызда елордада өткен баспасөз мәслихатында Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді.

Көп өтпей Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды.

Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.

Кеше тағы екі қазақстандықтан коронавирус табылып, жалпы 6 адамның бұл дертті жұқтырғаны айтылған еді.

Бүгінгі жағдаймен науқастардың саны 8-ге жетті.



Жоғары қарай