Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті

2020 жылдың 26 наурыз 2020 22:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, Жамбыл облысында тағы бір адам вирус жұқтырған.

Осылайша, 26 наурыз, сағат 22-20-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті.

Нұр-Сұлтанда – 61 жағдай,

Алматыда – 40 жағдай,

Қарағандыда – 4 жағдай,

Алматы облысында 4 жағдай,

Ақтөбе облысында 1 жағдай,

Шымкентте – 2 жағдай,

Жамбыл облысында – 2 жағдай,

Солтүстік Қазақстан облысында 1 жағдай тіркелді.

Осыған дейін елімізде бір әйелдің коронавирустан қайтыс болғанын жазған едік.

64 жастағы қарттың қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты.


Жоғары қарай