Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда комплаенс мамандарын даярлау қолға алынды

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық комплаенс-қызметкерлерді оқытып, даярлау басталды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ-ның комплаенс қызметінің басшысы Дәурен Ақшалов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгіннен бастап біздің корпоративтік университетте квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметкерлерін оқыту басталды. Аталған бастама ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, елімізде аталған жаңа қызметті ілгерілету мақсатында қолға алынды. Себебі бұл қызметке маман табу өте қиын, оны өз басымнан білемін. Оның үстіне комплаенс-қызметі елімізде енді енгізіліп жатыр, кейбір квазимемлекеттік ұйымдар оның түпкі мақсатын түсіне қоймайды. Шетелде бұл қызмет түрі алға қойылған, әрине олар жетістікке бір күннің ішінде қол жеткізген жоқ. Бұл көпжылдық процесс пен тәжірибе», - деді Дәурен Ақшалов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен AntikorLive жобасының эфирінде.

Оның айтуынша, комплаенс-қызметкеріне қойылатын басты талаптың бірі адаммен тіл табыса алу.

Сондай-ақ, спикер комплаенс-қызметкердің міндетіне кең ауқымды деректермен жұмыс істеп, талдау жүргізу кіретінін мәлім етті.

Бұған дейін Дәурен Ақшалов аталған қызметтің мақсаты мен оның не үшін қажет екендігі туралы айтып берген еді.



Жоғары қарай