Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қолдан ішімдік жасайтын 25 цехтың көзі жойылды

2020 жылдың 26 қараша 2020 14:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер органдары 2017 жылы - 6 млн 400 мың литр, 2018 жылы - 3 млн 700 мың литр, 2019 жылы - 6 млн 100 мың литр, биылғы жылдың 9 айында - 320,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімін тәркіледі. Бұл жайында Мемлекетті кірістер комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл ретте алкоголь нарығына қатысушылар алкоголь өнімдерін реттеу саласындағы заңнаманың нормаларын бұзғаны анықталған болатын (алкоголь өнімдерін рұқсат құжатынсыз және ілеспе жүкқұжатсыз, бекітілген бақылау маркасыз сату).

Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6% шекарадан өту кезінде және 76,4% алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды.

Сонымен бірге, Қырғызстанмен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді.

Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан аумағында заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех таратылды: Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1.


Жоғары қарай