Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қоқыс тастағандарға қатысты қай өңірлер жиі шағымданады

2020 жылдың 25 шілде 2020 11:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоқыс қалдығына қатысты қай өңір тұрғындары жиі шағымданатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде қазір жедел желі іске қосылды. Оған еліміздің кез келген азаматы қоршаған ортаны ластау мен қоқыс тастаған оқиғаға куә болған жағдайда +7 775 952 49 00 ұялы телефонына фото-видео дәлелімен қатар, қай өңірде және қашан болғаны туралы деректі жібере алады. Аталған жедел желіге 3 күннің ішінде азаматтардан түрлі бағыттағы 360 хабарлама келіп түсті. Айтар болсақ, күні кеше ғана Қарағанды облысының тұрғыны әлеуметтік желіге белгісіз көлік иесінің қоқыс үйіндісін қалдырып кеткенңн жариялаған. Сол сәтте көліктің нөмірі мен иесі анықталып, тиісті шара қолданылды. Одан бөлек, бізде барлық өңірлер бойынша арнайы штаб жұмыс істейді. Оның құрамында экология департаменті, жергілікті әкімдік және коммуналдық қызметі өкілдері бар. Кеше ғана бір оқиғаның ізін суытпай анықтадық», - деді экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов аталған ведомство ұйымдастырған экологиялық рейд барысында.





Сондай-ақ, комитет басшысы жедел желі арқылы еліміздің қай өңірі тұрғындарынан қоршаған ортаны ластауға қатысты жиі шағым келіп түсетінін айтты.

«Қоқыс-қалдық тастау және табиғатты ластауға қатысты Ақмола, Алматы, Ақтөбе және Түркістан облысы тұрғындарынан шағым жиі түседі», - дейді ол.

Бұған дейін экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов еліміздегі қоқыс проблемасын шешу жолдары туралы айтып берген болатын.

















Жоғары қарай