Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қазақстанда қоғамдық тәртіп күшейтіледі

2020 жылдың 15 наурыз 2020 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қоғамдық тәртіп күшейтіледі. Бұл шара туралы Президенттің төтенше жағдайдың жарияланатыны туралы Жарлығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоғамдық тәртіптің сақталуы бойынша аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық, ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін», - делінген Президенттің Жарлығында.

Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.

Айта кетсек бүгін Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы Жарлыққа ҚР Президенті қол қойды.

Жарлыққа сәйкес ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы тоқтатылып, Қазақстан Республикасына келетін халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелерін қоспағанда ел аумағына көліктің барлық түрлерімен кіруге, сондай-ақ оның аумағынан шығуға шектеулер белгіленді.



Жоғары қарай