Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда кірген жүк көлігінің бәріне навигациялық пломба орнатылады

2020 жылдың 20 мамыр 2020 11:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда кірген жүк көлігінің бәріне навигациялық пломба орнатылмақ. Осылайша Мемлекеттік кірістер комитеті ел аумағындағы жүк тасымалын қадағалап отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден Қазақстанға келетін көліктердің саны артып келеді. Сол себепті біздің алдымыздағы өткір мәселенің бірі – заманға сай технологияларды пайдалана отырып, оларды қадағалау. Сондықтан навигациялық пломба институтын енгізіп жатырмыз. Мұндай навигациялық пломбаларды көлікке тағу жұмысы бар-жоғы бір минут уақытты алады», - деді Қаржы вице-министрі Қанат Баедилов Мәжілістің жалпы отырысында.

Қаржы вице-министрі бұл ретте навиациялық пломбалар не үшін қолданылатынын айтып берді.

«Қазақстан шекарасына жүк көлігі қалай келеді – біз бірден сол көлікке пломбаларды қосып, іске қосамыз. Навигациялық пломбаның сигналы Мемлекеттік кірістер комитетінің ситуациялық орталығына түседі. Біз бұл автокөлік құралдарының қозғалысын бақылап отырамыз. Егер көлік жоспардан тыс басқа жолмен кетсе немесе навиациялық пломба әдейі алынып тасталса – Мемлекеттік кірістер комитеті жедел әрекет етеді. Біздің қолымыз ұзын. Өңірлердің бәрінде Мемлекеттік кірістер комитетінің өңірлік бөлімшелері бар. Заң жобасын әзірлеу барысында Мемлекеттік кірістер комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Экономикалық тергеу қызметі өзара әрекет ету тәртібін ретке келтіреді. Тиісінше ереже бұзушыларға уақтылы әрекет ететін күш пен құзірет болады», - деді ол.

Еске сала кетсек бүгін Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалап отыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы таныстырылған болатын.



Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Парламент, Логистика, Көлік,
Жоғары қарай