Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда қанша жасөспірім колонияда жазасын өтеп жатыр

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 12:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда кәмелет жасына толмаған 43 жасөспірім абақтыда отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер жиі жасаған қылмыстар қатарында кісі өлтіру, ауыр жарақат, тонау және зорлық әрекеттері бар.

«Кәмелет жасына толмаған жасөспірімдер жасайтын қылмыстардың көпшілігі пайдакүнемдік мақсатын көздейді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, олар қымбат смартфон мен қымбат заттарға ие болғысы келеді. Яғни ата-анасының табысы жетпегендіктен сондай әрекеттерге барады. Заңбұзушылық пен қылмысқа көп жағдайда мектеп жасындағы жасөспірімдер мен колледж студенттері барады. Мұнда мәселе тағы да тәрбиеге келіп тіреледі. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі ерекше екенін бәріміз білеміз», - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Ювеналды полиция басқармасының басшысы Әсет Оспанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен бірге, Ә. Оспанов кәмелет жасына толмаған қанша қазақстандық жасөспірімнің жаза өтеп жатқанын айтты.

«Қазіргі уақытта кәмелет жасына толмағандар колониясында 43 жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Олардың жасаған қылмысы әртүрлі дейгейде. Атап айтқанда, адам өлтіру, өлімге әкеп соққан ауыр жарақат, тонау және зорлық-зомбылық көрсету. Олардың ең ұзақ дегені 5 жыл түрмеде отырады. Біздегі мәліметтерге сәйкес, кәмелет жасына толмағандар арасындағы қылмыстардың көбі Алматы, Ақтөбе және Түркістан облысында тіркелген», - деді басқарма басшысы.

Фото: takt-tv.ru

Жоғары қарай