Қазақстанда қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 14 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 9 045 314 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентін салдырған.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 8 597 994 адам салдырды.