Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда қанша адам бас бостандығынан айырылған

2021 жылдың 27 сәуір 2021 19:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, еліміздегі 80 мекемеде 32 мың сотталған адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта елде 80 мекеме бар, оларда 32 мыңнан астам қамауда отыр. Соның 25 мыңы сотталушы және 6,5 мыңы тергеу барысында тұтқынға алынған», - делінген ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысының барысында таратылған мәліметте.

Белгілі болғандай, әйелдер колониясында (6 колонияда) 2 244 адам жазасын өтеп жатыр.

Айта кетейік, былтыр ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыстық саясатты ізгілендірудің арқасында соңғы 9 жылдың ішінде түрме отырғандардың саны іс жүзінде 2 есеге жуық, 57 мыңнан 30 мыңға дейін төмендегенін хабарлаған еді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің сотталғандардың қауқарсыз топтарының конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі қызметі қаралды.


Жоғары қарай