Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанда Интернет белгілі бір уақыттарда қосылатын болды

2022 жылдың 7 қаңтар 2022 14:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланыс белгілі бір уақыттарда қосылады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жағдайдың тұрақталғанына қарай еліміздің кейбір өңірлерінде интернет-байланысты белгілі бір уақыттарда қосу туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім азаматтарымыздың тұрмыс-тіршілігіне оң әсер ететініне сенімдімін. Алайда, интернетке еркіндік берілгенімен ойына келгенді жазуға, жалған ақпарат таратуға, біреуге тіл тигізуге, арандатушылыққа жол берілмейтінін ескертемін. Ондай материалдар шықса, олардың авторларын тауып жауапкершілікке тарту шараларын қабылдаймыз», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде.


Жоғары қарай