Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Қазақстанда халықаралық рейстер кезең-кезеңімен ашылады: Рұқсат берілген мемлекеттер тізімі

2020 жылдың 2 маусым 2020 12:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халықаралық әуе рейстерінің қалай жанданатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын таратпау туралы Ведомствоаралық комиссия жақында ғана жиналыс өткізіп, 1 маусымнан бастап, үш мемлекетке әуе рейстерін жандандыру мәселелерін қарастыруға рұқсат берді. Олар – Оңтүстік Корея, Қытай және Әзербайжан. Неге бұл елдер таңдалып алынды? Біріншіден, COVID-19 бойынша ондағы ахуалға баға берілді. COVID-19 бойынша халықаралық рейтинг бар және аталған үш мемлекет барынша қауіпсіз елдер қатарында», - деп түсіндірді спикер Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру брифингінде.

Оның айтуынша, екінші кезеңде Германия, БАӘ, Чехия мен Тайландқа рейс жандандыру қарастырылады.

«Польша мен Мажарстанға да рұқсат алып қалуымыз мүмкін. Өйткені, онда да қауіпсіздік деңгейі айтарлықтай жоғары. Екінші кезең шамамен 15 маусымнан кейін қолға алынады. Шетелдегі әріптестеріммен үнемі байланыста отырамын. Түркияның көлік министрімен сөйлескенімде, олардың Анталияға рейс ашуға мүдделі екенін, 20 маусымды арнайы белгілеп отырғандарын айтты. Бұл жұмыстарды әлі де пысықтаймыз», - деді Б. Атамқұлов.


Жоғары қарай