Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясының тарифі төмендетілмек

2020 жылдың 22 ақпан 2020 13:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар үшін электр энергиясының тарифін төмендету жоспарланып отыр. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдің Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні электр энергиясының соңғы тарифі оны өндіру (55 пайыз), тасымалдау (40) және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың үстемесіне кететін шығындардан құралады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың орташа босату құну тұтынушылардың топтары, оның ішінде жеке тұлғалар үшін электр энергиясын тұтынуы көлемі бойынша сараланады», - деді Роман Скляр.

Оның атап өтуінше, реттелетін энергиямен жабдықтаушы ұйымдар республиканың түрлі өңірлеріндегі халықтың шамамен 96 пайызын электр энергиясымен жабдықтап отыр. Олардың басым көлемін, шамамен 60 пайызын жеке тұлғалар алады. Осыған орай тұтынушылар топтары арасындағы тариф деңгейінің айырмашылығын қысқарту мақсатында тұтынудың тұрақты көлеміне кепілдік беретін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға барынша арзан электр энергиясын ұсыну мәселесі талқыланып жатыр.

«Бұған қоса, халықтың мұқтаж және әлеуметтік осал топтары үшін тарифтерді атаулы төмендету тетігі қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып, тыңғылықты зерделеуді талап етеді. Толықтай алғанда, электр энергиясы мәселелері Үкіметтің бақылауында тұр», - деді Роман Скляр.


Жоғары қарай