Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда еңбек инспекторлары халықаралық стандарттан 3 есе аз

2021 жылдың 22 қазан 2021 15:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы мемлекеттік еңбек инспекторларының саны халықаралық стандарттан 3 есе аз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ербол Нұрғалиев осындай мәлімет айтты.

«Мемлекеттік еңбек инспекторларының жетіспетйіні туралы проблеманы талайдан бері көтеріп жүрміз. Бүгінде елімізде 246 инспектор жұмыс істейді. Салыстыратын болсақ, 2001 жылы Еңбек инспекциясы құрылған кезде 412 еңбек инспекторы жұмысқа алынған. Өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік қызметкер болғандықтан қысқарту болып тұрады. Ал 2013 жылы еңбек инспекциясының құзыретін жергілікті әкімдіктерге берген болатынбыз. Содан бері мемлекеттік инспекторлардың саны азайып, 246-ға дейін түсті», - деді Ербол Нұрғалиев.

Сондай-ақ, ол елдегі еңбек инспекторларының саны халықаралық стандарттарға сай емес екенін атады. Алайда заңнамада ол тапшылықтың орнын кәсіпорындардың өздеріне бағынышты техникалық инспекторлармен толтыру көзделген.

«Халықаралық еңбек қауымдастығының ұсыныстары бар. 10 мың жұмысшыға бір мемлекеттік инспектор келуі керек. Бұл стандартқа сай болу үшін бізге қазіргі инспекторлардың санын 3 есеге көбейту керек.

Бірақ біздің Еңбек кодексінде өндірістік кеңестер құру туралы нормалар бар. Көптеген кәсіпорында 15 мыңнан астам осындай кеңес жұмыс істейді. Осы кеңестің құрамында техникалық инспекторлар бар. Олардың да міндеті мемлекеттік еңбек инспекторларының міндетімен ұқсас», - деді комитет төрағасы.


Жоғары қарай