Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда еңбек дағдысын тұрақты жетілдіру бойынша ұлттық жоба жасалмақ

2021 жылдың 15 қаңтар 2021 12:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда қызметкерлерді қайта оқыту және олардың еңбек дағдысын тұрақты жетілдіру бойынша арнайы ұлттық жоба жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жас ұлт мәртебесінің бізге ұзақмерзімді артықшылықтар беретінін түсіну маңызды. Оларды дұрыс пайдаланып, адами капиталды дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізу керек. Жастарға салынған инвестициялар, әрине, еселеніп қайтады және бүкіл мемлекетімізге игілік әкеледі», - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында.

Мемлекет басшысы соңғы уақытта Қазақстанның білім беру жүйесін реформалауда ілгерілегенін атап өтті.

«Сонымен қатар, қордаланған бірқатар мәселені де шешу қажет. Негізгі міндет – түрлі әлеуметтік топтар мен өңірлер арасында білім беру сапасындағы алшақтықты азайту. Дамудың осы кезеңінде қызметкерлерді қайта оқыту және дағдыларын тұрақты жетілдіру бойынша жаңа саясат талап етіледі. Осы мақсатта арнайы ұлттық жобаны әзірлеп, іске асыру қажет», - деді Мемлекет басшысы.


Жоғары қарай