Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда экологиялық проблемаларды шешу үшін 17 жол картасы әзірленді

2020 жылдың 24 қараша 2020 09:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет мүшелеріне өңірлердегі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған іс-шаралар кешенін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр жаңа Экологиялық кодекстің Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда қабылданғанын еске салды.

Оның айтуынша, жаңа кодекс қоршаған ортаға келетін зиянды едәуір төмендетуге бағытталған.

«Әйтсе де, жаңа Экологиялық кодексті күтпей «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын барлық өңірдегі жұртшылықпен, әсіресе экобелсенділермен бірге қарастырдық. Барлығы 17 онлайн кездесу өткізілді. 25 мыңға жуық адам қатысты. Талқылау нәтижесі бойынша жұртшылықпен, әкімдіктермен және табиғат пайдаланушылармен бірлесіп, 17 жол картасы әзірленді. Бұл құжаттарда өңірлердегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі нақты шаралар қарастырылған», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Министр бұл тұрғыда негізгі экологиялық проблемаларды атады.

Бұл - атмосфералық ауа мен жер бетіндегі судың ластануы, қалдықтармен байланысты жұмыстың жетілмеген жүйесі, сондай-ақ ежелден ластанған жерлер мен көгалдандырудың жетіспеушілігі.


Жоғары қарай