Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанда екінші медбике коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 21:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елімізде екінші медбике коронавирус жұқтырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Бірінші медбике індетті Атырау облысында жұқтырғанын бұған дейін жазған болатынбыз.

Екінші жағдай Қызылорда облысында анықталды.

«Облыс орталығында тұратын 23 жастағы тұрғыннан түнде алынған сынамалардың қорытындысы оң нәтиже көрсетті. Ол емханада медбике болып жұмыс істейді және кеше коронавирус диагнозы расталған науқасқа ем-дом жасаған. Онымен жақын байланыста болған 16 адам карантинде, қалғаны үй жағдайындағы карантинде», - делінген ақпаратта.

Осы уақытта Қазақстанда індетті жұқтырудың расталған 271 оқиғасы тіркелді.

Жоғары қарай