Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанда екі футбол командасының ойыны күмән туғызды

2020 жылдың 18 қазан 2020 16:57

НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуінің нәтижесін тексереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ақпаратына сәйкес, Екінші лига командалары арасындағы Біріншіліктің 5-тур ойыны күмән туғызған.

«Үшінші топтың «Қызыл-Жар СК М» – «SD Family» кездесуі Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы тарапынан қосымша тексеріледі. Қазір аталған кездесудегі букмекерлік кеңселердің котировкалары, соның ішінде Live режиміндегі коэффиценттер және ойынның бейнежазбасы зерттелуде. Сонымен қатар ойынның ресми өкілдерін сұрастыру жұмыстары қолға алынды» делінген футбол лигасының ресми сайтындағы ақпаратта.

Арнайы мамандардың тексеріс қорытындысы ресми сайтта қосымша хабарланады.


Автор Қасқырбай Қойшыманов
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай